Юньнань өлкесі Цзиньпин ауданында 150 миллион көбелек жарыса ұшып, керемет көрініс жасады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 маусым
Юньнань өлкесі Цзиньпин ауданында 150 миллион көбелек жарыса ұшып, керемет көрініс жасады

8 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Осыдан бірнеше күн бұрын Юньнань өлкесінің Цзиньпин ауданындағы Қытайдың Қызылөзен көбелек алқабында жебе сақиналы көбелектің дернәсілдері қысқа уақытта тобымен көбелекке айналды. 150 миллион көбелек орман ішінде, жолдарда тобымен ұшып тамаша көрініс қалыптастырды. Мәліметтерге сәйкес, бұл елді мекен тропиктік және субтропиктік муссондық климаттық белдеуде орналасқан типтік үш өлшемді климаттағы орман ресурстарын құрайды. Сондықтан бұл көбелектердің көбеюіне аса қолайлы орта болып отыр. Осы жерден көбелектердің жалпы 11 тегі, 138 тұқымдасы, 320-дан астам түрі табылып, әлемдегі көбелек ресурстары ең көп аймақтардың біріне айналды. Алқаптың көбелектердің «өмір жаннаты» деген атауы да бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото