Шыңжаң, Текес: Майлы бояу жаққандай көрінетін ғажайып егін алқабы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 қыркүйек
Шыңжаң, Текес: Майлы бояу жаққандай көрінетін ғажайып егін алқабы

2 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Тамыз және қыркүйек айлары - егін жинау маусымы. Көз алдыңызда осыдан бірнеше күн бұрын фотоға түсірілген Шыңжаңдағы Іле Қазақ автономиялы облысының Текес ауданындағы 660 гектардан асатын жоғары стандартты егін алқабы. Алқапқа жүгері, бидай, қант қызылшасы, майлы күнбағыс және басқа да дақылдар егілген. Көк жүзінен көз салсаңыз егістік алқаптары жерге майлы бояу жаққандай таңғажайып көрініспен көздің жауын алады.

Соңғы жылдары Текес ауданы егістік жерді реттеп, суды үнемдейтін тамшылатып суару инфрақұрылымын жаңадан құру арқылы өңделген жердің сапасын жақсартты. Құрғақ жерлерді жоғары және тұрақты өнім беретін күріш егістігіне айналдырды. Ауылды индустрияландыруды дамытып, фермерлердің көбірек табыс табуына мүмкіндік берді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото