Хэфэй, Аньхой: 2022 Дүниежүзілік өндіріс конференциясы ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 қыркүйек
Хэфэй, Аньхой: 2022 Дүниежүзілік өндіріс конференциясы ашылды

21 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 20 қыркүйекте 2022 жылғы Дүниежүзілік өндіріс конференциясы Аньхой, Хэфэй қаласында ашылды. Конференцияның тақырыбы: «Әлемді құру, әдемілікке жету». Көрме залының жалпы ауданы 59 000 шаршы метр. Көрме залдары екі санатқа бөлінеді: үкімет басқаратын көрме алаңы және нарыққа бағытталған көрмелік аумақ.

Көрме залында ірі елдік өндіріс көрмесі, «Мамандандырылған, ұқыпты бапталған, өзгеше, жаңашылдық» көрмесі, өнеркәсіптік дизайн көрмесі, өнер және қолөнер көрмесі, далалық ауылшаруашылық машиналары көрмесі және халықаралық (Хэфэй) жаңа энергетикалық автомобильдер көрмесі сияқты көптеген көрме алаңдары жаңа өндіріс өнімдерін, жаңа технологиялар мен жаңа қолданбалы құралдарды көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото