- Барлық ақпарат
Шаньдон Рончен: Теңіздегі таңғы қарбалас (8)
9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы 7 қазан күні Шаньдон өлкесі Рончен қаласы Ляндаовань теңіз бағымшылық алаңында таңғы шапақпен таласқан балықшылар қайықтарын есіп, теңізге шықты. Балықшылар балық өсіру қалқымаларын құрып, салдағы шөптерді тазалап, моллюскаларды өсіру торларына жем шашып, қарбалас жұмысқа кірісті. Балықшылардың күздегі бұл әбігері бейне «теңіздегі күзгі жер жырту» сияқты.
Мәліметтерге сәйкес, Рончен қаласындағы теңіз бағымшылық алаңының экологиялық селекция аймағы 400 000 гектардан асады және 40-қа жуық өсіру сорттары бар. Алаң еліміздегі теңіз қазыналық өнімдері асыл тұқымын өндірудің маңызды базасы. Соңғы жылдары Рончен қаласы балық аулаудың ерекше қолайлылығын пайдаланып, теңіз экономикасын жоғары сапамен дамытып келеді.
people.cn © People's Daily Online