Ішкі Моңғұлдың Тунляо аймағындағы қарқынды дамыған сиыр базары

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 қараша
Ішкі Моңғұлдың Тунляо аймағындағы қарқынды дамыған сиыр базары

1 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 30 қазан күні Ішкі Моңғұлдың Тунляо қаласында Ихут сиыр базары ашылып, Ляонин, Цзилинь, Хэбэй, Шаньдун және басқа жерлерден келген саудагерлер мен мал сатушылар осы араға жиналды. Ихут сиыр нарығында жылына 500 000-нан астам сиыр сатылады. Базар күнінде сатылған сиырдың орташа саны 5000-нан асып, жылдық сауда көлемі 5 миллиард юаньнан жоғары болады. Соңғы жылдары эпидемияның алдын алу және оны тізгіндеу жағдайы астында жергілікті етті сиыр шаруашылығын тұрақты дамытып, сиыр өсірумен айналысу жергілікті фермерлер мен малшылар үшін баюдың негізгі әдісіне айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото