Қысқы Шыңжаңдағы Боғда көлі: Бояумен салынған суреттей ерекше әлем

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 қаңтар
Қысқы Шыңжаңдағы Боғда көлі: Бояумен салынған суреттей ерекше әлем

30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жауған қардан кейінгі таң. Шайдай ашық көк аспан. Шыңжаңның Тяньшань тауындағы Боғда көлі ақ қарға оранды. Алыстан көрінген Боғда шыңы мен шыршалар бояумен салынған суреттей ерекше әлемді көз алдыңызға әкеледі.

Көктем фестивалі кезінде елдің түкпір-түкпірінен келген туристер Тяньшань-Боғда көрініс аймағына барып, ерекше қысқы пейзаждарды тамашалап қана қоймай, «Мерекенің жеті күндік фестивалінің» арнайы іс-шараларына қатысты.

Мысалы, қар мүсінін жасау, Ма Яшанды көру, қардан қазына іздеу және танымал қойылымдар сияқты іс-шаралар өткізілді. Мұндай іс-шаралар қыстағы Тяньшань-Боғда қойнауын тіршілікке толы етеді.

Ежелгі заманда «Яочи» деп аталған Тяньшаньның Боғда көлі Фукан қаласында, Боғда шыңының солтүстік беткейінде орналасқан.

Бұл биік таулар мен көлдерден құралған табиғаты бай, көркем жер. Сұлу көлі, шыршалары және қарлы шыңдары тамаша үйлесім тапқан жердің көркі қарасаң, көз сүйсіндіреді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото