Жойылып кету қаупі төнген жайрандар саны айтарлықтай көбейді (4)

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 3 ақпан
Жойылып кету қаупі төнген жайрандар саны айтарлықтай көбейді

3 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жойылып кету қаупі төнген жайрандардың жалғыз тіршілік ету ортасы ― Цинхай көлі. Көлдің айналасында жайылып жүрген жайрандардың үйірін тілшілер суретке түсірді. Ондаған жайран көктем фестивалін тойлау үшін арнайы жиналғандай. Жайран ― Қытайға ғана тән сүтқоректілердің ең аз саны, сонымен қатар Қытайдағы және тіпті әлемдегі тұяқты жануарлардың тез жойылып бара жатқан түрі. Санақ көрсеткендей, 2007 жылы жабайы жайрандар саны шамамен 300, бұл - пандалардың санынан аз. 10 жылдан астам уақыт бойы үкімет пен қоғамның барлық тобының күш-жігері арқасында жайрандар біртіндеп жойылып кету қаупінен шығып, саны айтарлықтай артты. Қазір жабайы жайрандар саны 3 000-нан астамға жетті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото