Қытайдың құтқару тобы тірі қалған үшінші адамды сәтті шығарып алды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 10 ақпан
Қытайдың құтқару тобы тірі қалған үшінші адамды сәтті шығарып алды

10 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 ақпанда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 8-де Қытайдың құтқару тобы мен жергілікті түрік құтқару күштерінің бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесінде, 7 қабатты ғимараттың қирандылары арасынан әйел адамды аман алып шықты.

Екі жақтың іздеу-құтқару қызметкерлерінің екі сағаттан астам бірлескен күш-жігерінің арқасында қирандының астында қалған әйел сәтті құтқарылып, медициналық көмек көрсету үшін жедел ауруханаға жеткізілді. Қазір жер сілкінісінен бері 80 сағаттан астам уақыт өтті. Бұл апат орнында 30 сағат бойы тынымсыз еңбек еткен Қытай құтқару тобының үйінділер арасынан алып шыққан үшінші адамы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото