Қытайдың жергілікті шенеуніктері туған қаласында туризмді дамыту үшін косплейді пайдаланады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 17 ақпан

17 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Сычуань өлкесінің Ганзи облысы Даову ауданының мәдени туризм бюросының директоры Цзянцзе Дуожи туған қаласы атынан өнер көрсету үшін «актер» болып, түсірген қысқа видеосы арқылы желіде танымал болды.

Туған жерінің туристік ресурстарын насихаттайтын қысқа бейнеде Цзянцзе Дуожи ағылшын және қытай тілдерінде ойнап, ғарышкер, Таң әулетінің императоры және Гесар патша болып өнер көрсетті. Сонымен қатар косплейді (рөлдік ойынды) пайдалана отырып, көрерменге жергілікті қарлы тауларды, жайлауды, ормандарды және басқа да көрікті жерлерді таныстырады.

Интернеттегі әлеуметтік медианың дамуымен қытайлық жергілікті шенеуніктер өңірлік туризмді дамыту үшін камера алдына шығып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Қысқа бейне платформада сол кездегі Іле Қазақ автономиялы облысының мәдени туризм бюросы директорының орынбасары Хэ Цзяолун және Ақсу аймағы Шаяр ауданының мәдени туризм бюросының директоры Рәнегүл Рехман да өздерінің аккаунттары арқылы жергілікті туристік ресурстар мен ауылшаруашылық өнімдерін насихаттады.

Хэ Цзяолунның айтуынша, мемлекеттік қызметкер ретінде қысқа бейнелер мен тікелей эфирлер жасаудың мақсаты - тұрақты даму жолын тауып, Шыңжаң фермерлері мен малшыларына цифрлық экономикалық дамудың артықшылықтарын пайдаланту. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото