Алматы қаласында үшінші кезекті «Қазақстандағы қытайтану бойынша халықаралық академиялық семинары» өтті

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 ақпан
Алматы қаласында үшінші кезекті «Қазақстандағы қытайтану бойынша халықаралық академиялық семинары» өтті

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығының веб-сайтының мәліметіне сәйкес, 17 ақпанда Қазақстанның Алматы қаласында үшінші «Қазақстандағы қытайтану бойынша халықаралық академиялық семинар» өтті. Қытайдың Алматытыдағы бас консулдығындағы Бас консулдың орынбасары Чжун Хуа және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ректорының орынбасары Успанова Майра сөз сөйледі.

Іс-шараға Қытай, Ресей, Өзбекстан және басқа елдердің академиялық институттарының, сондай-ақ Алматыдағы бірқатар университеттердің сарапшылары, ғалымдары, оқытушылары мен студенттері қатысты.

Сарапшылар мен ғалымдар кездесуде Қытай-Қазақстан қатынастары, қытайтану зерттеулері және «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы сияқты тақырыптарды талқылауда, пікір бірлігіне келді. Онда екі ел арасындағы қарым-қатынасының жоғары деңгейі мен бірегей географиялық артықшылықтардың арқасында Қазақстанда қытайтанудың дамуы мен танымалдығы жемісті нәтижелерге қол жеткізгенін және халықаралық академиялық алмасуларды нығайтуды жалғастыратынын мәлімдеді. Бұл арқылы, Қытай-Қазақстан қатынастарының тұрақты және ауқымды дамуына қолдау көрсететінін білдірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото