Хунань тағамдары – сасық бұршақ ірімшігі

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 ақпан

22 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Сіз Хунань өлкесі Чанша қаласының дәстүрлі тағамы сасық бұршақ ірімшігін жеп көргенбедіңіз? Оның исі жағымсыз болса да, дәмі тіл үйіреді.

Сасық бұршақ ірімшігін дайындауға арналған шикізат - сары бұршақ, сары бұршақтан сасық бұршақ ірімшігі ұрығын алу үшін елеу, бұқтыру, ұнтақтау, сүзу, қайнату, соңында ашыту сияқты көптеген процестерден өтеді. 

«Чанша тұрғындарының мінезі жарқын. Олар қуырылған, қытырлақ тағамдарды жегенді ұнатады, сасық бұршақ ірімшігін Чанша асханасының өкілі деп айтуға болады. Қазір оны тек жергілікті тұрғындар ғана емес, туристер де жақсы ұнатып жейтін болды». 

Фото: Чаншан сасық бұршақ ірімшігі. (фотоны онлайн «Халық Газетінің» тілшісі Юань Мэн түсірген)

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото