Қытай-Қазақстан шекарасындағы Бақты өткелінде сауда қайта басталды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 ақпан
Қытай-Қазақстан шекарасындағы Бақты өткелінде сауда қайта басталды

24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 20 ақпаннан бастап Бақты өткелі Қытай-Қазақстан шекарасындағы ортақ базар - Жібек жолының мәдени тауар қаласы өз жұмысын қайта бастады. Тарбағатайдағы Бақты шекарасы - мемлекеттік бірінші топтағы шекара. Ол Тарбағатай қаласынан небәрі 12 шақырым жерде орналасқан. Жібек жолының мәдени тауар қаласы - Қазақстандық тауарлар мен сыртқы сауда өнімдерінің көрмесін, келіссөздерін, саудасын және электронды коммерциясын біріктіретін заманауи сауда платформасы. Мұнда экспресс-логистика, тамақтану және ойын-сауық, іскерлік келіссөздер және жылжымайтын мүлікті басқару аймағы, өзара көмек тобының есеп айырысу және тауарларды сатып алуды декларациялау орталығы бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото