Си Цзиньпин жаһандық өркениет бастамасын ұсынды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 16 наурыз
Си Цзиньпин жаһандық өркениет бастамасын ұсынды

16 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 15 наурызда Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы және мемлекет Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңде Қытай Коммунистік партиясы мен дүниежүзілік саяси партиялар арасындағы жоғары деңгейдегі диалогқа қатысып, баяндама жасады. Си Цзиньпин өзінің баяндамасында жаһандық өркениет бастамасын ұсынды.

Бұл бастамада Си Цзиньпин әлемдік өркениеттердің әртүрлілігін құрметтеуге шақырды. Бүкіл адамзаттың ортақ құндылықтары - бейбітшілікті, дамуды, адалдықты, әділеттілікті, демократия мен еркіндікті насихаттауға, өркениетке мұрагерлік ету мен инновациясына мән беруге, сонымен бірге халықаралық гуманитарлық алмасулар мен ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото