Гуандундағы «Дүниежүзілік зауыт» жоғары сапалы дамуды жеделдетуде

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 21 наурыз
Гуандундағы «Дүниежүзілік зауыт» жоғары сапалы дамуды жеделдетуде

21 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Гуанчжоудағы GAC Trumpchi дәнекерлеу зауытының көлік құрастыру желісінде Робот-манипулятор дәнекерлеу жұмыстарын орындайды (сурет 20 наурызда түсірілген).

Соңғы жылдары Гуандун интеллектуалды технологиялар мен цифрлық трансформацияны үздіксіз ілгерілету арқылы өндірісте озық позицияларға көтерілді. Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі жариялаған интеллектуалды өндіріс демонстрациялық фабрикаларының ішінде Гуандундағы аталмыш фабрикалардың саны елдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Гуандунда 67000 ірі өнеркәсіптік және 69000 жоғары технологиялық кәсіпорындар бар. Екеуі де елдегі даму бойынша бірінші орынды иеленген.

Әлемдік деңгейдегі озық зауыттар, елдегі жетекші өнеркәсіптік дизайн мүмкіндіктері және үнемі оңтайландырылған өнеркәсіптік құрылым... Мұның бәрі Гуандунның жоғары сапалы дамуын ілгерілетудегі өңдеу өнеркәсібінің «Үздігі» болуына мол мүмкіндік береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото