Шыңжаңдағы кәріз құдығы: мыңдаған жылдардан жеткен судың сылдыры

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 22 наурыз
Шыңжаңдағы кәріз құдығы: мыңдаған жылдардан жеткен судың сылдыры

22 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тяньшань тауының оңтүстік етегінде орналасқан Шыңжаңдағы Тұрпанда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері небәрі 16 мм. Алайда оның булану дәңгейі 3000 мм-ге жетеді. Судың буланып жоғалуын азайту үшін Ежелгі Тұрпан тұрғындары күш-қайрат пен ақыл-парасаттарына сүйеніп, жер асты кәріз құдықтарын қазды. Кәрізден ағатын Тяньшань тауының қар суы қуаң жерді суландырып, бірнеше ұрпаққа қоныс болған елдегі барлық этникалық топтардың қажетін қанағаттандырды.

Жергілікті тұрғындар кәрізді «ана өзен» деп атайды. Кәріз құдықтардан, қараңғы және ашық каналдардан, су қоймаларынан (Батпақты бөгеттерден) тұрады. Бұл шөлді өңірде жер асты суларын пайдаланудың бірегей жобасы арқасында, су ешбір күштің көмегінсіз жер беткейі арқылы ағып отырады. Шыңжаңдағы кәріздің жалпы ұзындығы бір кездері 5000 шақырымнан асқан делінеді. Ол Ұлы Қытай қорғаны және Бейжің-Ханчжоу үлкен каналымен бірге ежелгі Қытайдың үш негізгі құрылыс жобасы ретінде танымал.

Бұл күндері кәріз ауылшаруашылық жерлерін суарып қана қоймай, сондай-ақ оазистердің тіршілік көзіне айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото