Шыңжаңның Карамайлысында қар-мұз еріп, жыл құстары орала бастады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 наурыз
Шыңжаңның Карамайлысында қар-мұз еріп, жыл құстары орала бастады

232 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Бірнеше күннен бері Шыңжаңның Карамайлы қаласының оңтүстік маңындағы Гухай экологиялық саябағының солтүстіктегі суларына қоныс аударған құстар тобы ұя сала бастады. Олардың арасында шағала, құтан, қаз, құмсалғыш, сондай-ақ кейбір жабайы үйректер мен басқа да құс түрлері бар. Құстардың ішіндегі ең көп қызыл тұмсық шағалалар үйірінің қарасы мөлшермен 400-ден асады. Олар мұзы жаңадан ери бастаған суда жүзіп, мұзға қонақтап немесе әрлі-берлі самғай ұшып, адам мен табиғаттың үйлесімді өмір сүруінің экологиялық көрінісін қалыптастырды. Шыңжаңдағы Карамайлы қаласының экологиялық ортасы жақсарып келе жатқандықтан, көптеген құстар мекендеуге осы өлкені таңдайды. Наурыз айынан бері Шыңжаңның Карамайлы өңіріндегі Гухай экологиялық паркінің тіршілік ортасы керемет жандана бастады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото