Хуньчунь, Цзилинь: Қытай-Ресей шекаралас қаласында сауда қауырт жүруде

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 наурыз
Хуньчунь, Цзилинь: Қытай-Ресей шекаралас қаласында сауда қауырт жүруде

23 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Цзилинь өлкесінің Хуньчунь қаласында Ресейге апаратын теміржол мен автомобиль порты бар. Бұл «Бір белдеу, бір жолдың» маңызды торабы болып табылады.

Хуньчунь порты Зарубино және Владивосток сияқты ресейлік порт қалаларына тікелей қатынай алады. Осы тараптар еліміздің Ресеймен сауда жасаудың маңызды арнасы саналады. Деректер көрсеткендей, 2022 жылы Хунчун Ресейге импорт пен экспорттың жалпы көлемін 14 миллиард юаньға орындап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 32%-ға ұлғайтқан. Ресеймен сыртқы сауданың көлемі мен форматы да қарқын алуда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото