Алашанькоу теміржол портынан аттанған Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының жалпы саны 30 000-нан асты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 наурыз
Алашанькоу теміржол портынан аттанған Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының жалпы саны 30 000-нан асты

23 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 21 наурыздағы жағдай бойынша Алашанькоу теміржол портынан аттанған Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының жалпы саны 30 000-нан асты. Сондай-ақ 2,7 млн-нан астам TEU жүгі тасымалданды.

Соңғы жылдары Шыңжаң темір жолы департаменті «бір порт, екі аймақ, бес ірі орталық және порттың экономикалық белдеуі» құрылысына белсенді интеграцияланып, Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының тасымалын оңтайландыру және порттардың мүмкіндігін кеңейту сияқты шараларды жүзеге асыру арқылы Қытай-Еуропа (Орталық Азия) пойыздарының тасымалдау тиімділігін арттырды.

«Біз кеден органдарымен, шекара инспекцияларымен және көлік-экспедиторлық компаниялармен, сондай-ақ Қазақстанның теміржол департаменттерімен байланыс пен үйлестіру жұмысын нығайттық. «Цифрлы порт» жүйесін қолдануға ықпал жасадық. Операцияның ауқымы 2012 жылғы айына орташа 3,5 пойыздан қазір орташа көрсеткіш тәулігіне 17 пойызға дейін өсті, бұл импорт пен экспорттың қарқынды жүруін жүзеге асырды», - деп таныстырды Қытай темір жолының Үрімжі бөлімше тобына қарасты Алашанькоу стансасын пайдалану және басқару бөлімінің бастығы Ян Хуапэн. Оның айтуынша, Қытай-Қазақстан темір жолын кредиттік ауыстыру сияқты жаңа шараларды енгізудің арқасында Алашанькоу стансасында жөнелтілетін Қытай-Еуропа (Орталық азия) пойыздарын кедендік ресімдеу уақыты 5 сағатқа дейін қысқарды, ал келіп түскен жүк туралы ақпаратты беру процесі 4 сағатқа жеделдетілген.

Биыл «Бір белдеу, бір жол» бастамасына 10 жыл толады. Бірқатар статистикалық мәлімет Қытай-Еуропа (Орталық Азия) теміржол қатынасының даму қарқынын көрсетеді. Мысалы, Алашанькоу теміржол портынан жөнелтілген алғашқы 10 000 Қытай-Еуропа (Орталық Азиядан) пойызы үшін 8 жыл, 10 000-нан 20 000 пойызға дейін 22 ай, 20 000-нан 30 000 пойызға дейін 20 ай жұмсалған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото