Үстірттегі жаңа ауылда той думан

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 23 наурыз
Үстірттегі жаңа ауылда той думан

23 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Ташқорған Тәжік автономиялық ауданында көптеген қыз- жігіттер көктемде той жасап, өмірдің бақытына бөленеді.

Жақында Ташқорған ауданы маңында орналасқан Фумин ауылында дүбірлі той болды. Жарасып жүргендеріне үш жылдан асқан Мәрмәтхан Шынтемір мен Гүлхан Занжабыл отау көтеру тойын жасады. Той жергілікті салт-дәстүр бойынша өтіп, алыс-жақыннан келген туыстар мен дос-жарандар ән айтып, би билеп, тойдың мерейін асырды.

Ұлттық материалдық емес мәдени мұра ретінде тәжік неке әдет-ғұрыптары Ташқорған ауылының мәдени және туристік танысқысының бірі болып табылады. Көптеген саяхатшылар да тойға келіп, жас отау иелерінің бақытты сәтіне куә болды.

Фумин ауылы әлеуметтік осал топтарға қоныс аудартып, кедейліктен құтылдырған ауылдың бірі болатын. 2018 жылы Гүлханның отбасы шалғайдағы тау ішінен қазіргі орындарына көшіп келген. Жаңа қонысқа орныққан Гүлхан ауданда жұмыс істейтін азаматпен танысып, сөз байласады.

Кедейліктің қалпағын шешкеннен кейін, бүкіл аудандағы қоныс аудартып, кедейліктен құтылғандарды орналастыратын ауыл - Фумин ауылы, Аймин ауылы болып өзгертілді. Сөйтіп, ауыл жанданудың жаңа жолына түсті. Бүгінгі той иелері сияқты көптеген жастар да жаңа ауылға көшіп, бақытты тіршілік кешіп жатыр. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото