1 сәуірде Қытайда 40-ыншы Лоян пион гүлінің мәдени фестивалі басталады

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 24 наурыз
1 сәуірде Қытайда 40-ыншы Лоян пион гүлінің мәдени фестивалі басталады

24 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 40-ыншы Лоян пион гүлінің мәдени фестивалі 1 сәуірде басталып, мереке гүлді тамашалау кезеңі аяқталғанға, яғни 5 мамырға дейін жалғасады. Мәдени фестиваль кезінде 10 негізгі іс-шара және 40 қосымша іс-шара өтеді.

Лоян - Хэнань өлкесінде орналасқан және ол Қытай өркениеті бесіктерінің бірі. Лоян пион гүлінің мәдени фестивалі бұрын Лоян пион гүлдері фестивалі ретінде танымал болатын. Ол Суй дәуірінен басталған, қазірге дейін 1600 жылдан астам тарихы бар. Енді бұл гүлдерді тамашалау, туризм, экономикалық және сауда ынтымақтастығы мен алмасуды біріктіретін ауқымды экономикалық және мәдени іс-шараға айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото