Юньнаньнің Цзиньпинында 100 миллионға жуық көбелектер түлеп ұшты

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 26 мамыр

26 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Юньнань өлкесіндегі Хунхэ-Хани және И автономды облысы Цзиньпин ауданында орналасқан Қытайдың Хунхэ көбелектер алқабында жүздеген миллион кокондарын жарған көбелектер пайда болды. Аумақ көбелекпен көмкеріліп, сирек кездесетін әдемі көрініс қалыптасты.

Статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта Қытайдағы жалғыз және әлемде сирек кездесетін көбелектердің топтық тіршілік ететін аумағы болып табылатын Қытайдың Хунхэ көбелектер алқабында көбелектердің 400-ден астам түрі бар. Бұл өлкенің ит тұмсығы өтпейтін орман байлығы және мол жауын-шашыны бар. Оның үстіне бүкіл жәндіктің өсіп-өнуін тиімді табиғи ортамен қамтамасыз ететін толық сақталған байырғы орман алқабы да бар.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото