Әлемдегі жалғыз ақ панданың суреті жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 29 мамыр
Әлемдегі жалғыз ақ панданың суреті жарияланды

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Адамдардың ойында ұлттық қазына болып табылатын пандалар «қара және ақ» түсті болып қалыптасып қалған. Әсіресе көпшілікті қызықтыратыны - панданың классикалық элементі болып табылатын «көз айналасының қара түсі». Алайда пандалардың тұлғасында өзге «ерекшеліктер» де бар. 27 мамырда Сычуань өлкесіндегі Волон ұлттық табиғи қорығының әкімшілігі арнайы фотосуреттер мен бейнелер сериясын жариялады. Қазіргі уақытта бұл әлемдегі жабайы ақ панданың толық кескіні.

Бұл ақ панда алғаш рет 2019 жылы көзге түсті. Бастапқыда тек қырынан ғана түсірілген фотосы бар еді. Содан бері Волон қорығының қызметкерлері ақ панданы төрт жыл бойы бақылап, басқа жабайы пандалармен бірге жүргенін, бамбук жейтінін және жұптасу немесе жауларына қарсы шығарда ағаштарға үйкеліп белгі қалдыратынын байқап, естелікке алып отырған.

Бұл жолы жарияланған ақ панданың суреттері негізінен өткен жылдың аяғы мен осы жылдың басында түсірілген.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото