Қытайдың C919 жолаушылар ұшағы коммерциялық пайдалануға берілді

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 29 мамыр
Қытайдың C919 жолаушылар ұшағы коммерциялық пайдалануға берілді

29 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайда жасалған ірі C919 жолаушылар ұшағы жексенбіде Шанхайдан Бейжіңге алғашқы коммерциялық рейсін бастады. Бұл ұшақтың азаматтық авиация нарығына ресми кіруін білдіреді.

Бұл жолы ұшақта 128 жолаушы болды. Бейжің Орталық халықаралық әуежайына қонған ұшақты салтанатпен қарсы алды.

COMAC вице-президенті Вэй Инбяо: «C919 ұшағының коммерциялық пайдалануға берілуі Қытайдың азаматтық авиация нарығына отандық ұзақ қашықтықтағы жолаушылар ұшағының алғашқы шығуын білдіреді»,-деді.

29 мамырдан бастап China Eastern Airlines авиакомпаниясының алғашқы ірі C919 жолаушылар ұшағы Шанхай Хунцяо — Ченду Тяньфу бағыты бойынша әдеттегі коммерциялық рейстерді орындайды. Болашақта бұл формадағы ұшақ тасымалға енгізілгеннен кейін ұшақтың маршруты біртіндеп кеңейеді.

China Eastern Airlines және COMAC бес C919 ұшағын сатып алу құжатына қол қойды. Екінші жолаушылар ұшағы маусым айының ортасында жеткізіледі деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото