Аньхой өлкесіндегі «жүзім мекенінен» мол өнім алынды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 14 тамыз
Аньхой өлкесіндегі «жүзім мекенінен» мол өнім алынды

14 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Аньхой өлкесі Хуайбэй қаласы Дуань Юань ауылы Dazhuang жүзім бақшасының аумағы шамамен 20 му (1 му = 0.6667 гектар) аумақты алып жатыр. Бірнеше жыл бұрын ескі бақшаны қайта құру негізінде, жылыжайда ылғалға төзімді жемістер өсіру енгізілді. Әрі ерте, орташа және кеш пісетін оннан астам жоғары сапалы сортты жемістер отырғызылды. Қазіргі уақытта бақта көптеген бірегей сортты жүзімдер өседі. «Биылғы жылы бір му жерден орта есеппен 1500 килограмға жуық өнім жинауға болады. Ал өндіріс көлемі 400 000 юаньнан асады деп күтілуде».

Дуань Юань ауылы-әйгілі «жүзім мекені». Жүзім өсіру тарихы 300 жылдан асады. Қалада 1333 гектардан астам жүзім отырғызу алаңы және 20-дан астам сортты жүзімдер бар. Жүзімнің жылдық өнімі шамамен 30 миллион килограмды құраса, өндіріс көлемі 200 миллион юаньнан жоғары. Дуань Юань жүзімі «ұлттық географиялық белгілерді қорғауға арналған өнім» сияқты марапаттарға ие болды және Аньхой өлкесінің алтын белгісіне айналды. Соңғы жылдары Дуань Юань қаласы дәстүрлі ауыл шаруашылығын туризмнің заманауи дамуымен біріктірді және жүзім мұражайлары мен шарап жертөлелері сияқты бірқатар көрнекті ландшафттарды жасады. Сөйтіп жүзім шаруашылығына тән туристік қаланың келбеті қалыптасып, Дуань Юань жүзімінің беделі мен ықпалы артып келеді.

2014 жылдан бастап Хуайбэйде Дуань Юань жүзім жинау фестивальдері өткізіліп келеді. Фестивальді тамашалауға он мыңдаған туристер келеді. «Дуань Юань жүзім жинаудың 8-інші фестивалі осы жылдың 18-20 тамызы аралығында өтеді. Туристерді көрікті жерлерге келіп, жүзім теріп, жүзім түрлерінен ләззат алуға және ауылдық жерлердің көркем көрінісін тамашалауға шақырамыз», - деді жауапты тұлға Вэй Бинь.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Renato Lu)

Фото