Чжоушань, Чжэцзян: көпір қауіпсіздігін қорғайтын «көктегі балетшілер»

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 15 қараша
Чжоушань, Чжэцзян: көпір қауіпсіздігін қорғайтын «көктегі балетшілер»

15 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылдың 14 қарашасында жөндеушілер Чжэцзян өлкесінің Чжоушань қаласындағы Сихоумэнь көпірінің негізгі кабеліне стационарлық ауа құбырын орнатты. Бұл Сихоумэнь көпірін ылғалдықтан сақтау жүйесін орнатудың бір бөлігі. Сихоумэнь көпірі - Чжоушандағы аралдарды тұтастыратын бес теңіз көпірінің ішіндегі техникалық жағынан ең күрделісі. Онда 14 жыл бойы көлік қатынап келеді. Сихоумэнь көпіріне мұхит атмосферасы ұзақ уақыт әсер еткендіктен, негізгі кабельдің сыртқы қорғаныс қабатының біртіндеп тозуы негізгі кабельдің болат сымының коррозиясын тездетеді немесе көпірдің қауіпсіз жұмысына әсер етеді. Сондықтан Чжэцзян өлкесі көлік тобының Чжоушань экспресс магистралін басқару орталығының көпірге техникалық қызмет көрсету бөлімі, Сихоумэнь көпірінің негізгі кабелін ылғалдықтан сақтау жүйесі жобасын белсенді түрде алға қойды. Жоба болат сымның коррозия жылдамдығын бәсеңдету және көпірдің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін негізгі кабельге құрғақ ауа ағызу жабдығын орнату арқылы негізгі кабельді ылғалдан сақтады. (Суреттерді түсірген Яо Фэн)

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото