Қыста теңіз деңгейінен 4300 метр биікте полиция мен малшылар қодасты құтқарды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 30 қараша

30 қараша, онлайн «Халық Газеті» -- 25 қарашада түстен кейін Цинхай өлкесінің Гуолуо облысы Мадуо ауданы Қоғамдық қауіпсіздік бюросының полиция бөлімшесінің қызметкері ауылдағы бір отбасының 9 қодасы мұз толық қатпаған көлге түсіп кетіп, өздерінен көмек сұрап тұрғанынан хабардар болады. Полицейлер жергілікті бір қарттың жол бастауымен 30 шақырым қашықтағы оқиға орнына келеді. Халықтық көмекші полиция, малшылар, үкімет қызметкерлері, өрт сөндірушілер қатарлылар қақаған аязға қарамай 4 сағат жұмыс істеп, 9 қодасты жағаға алып шығады. Өкінішке қарай тек бір қодастың бұзауы ғана аман қалды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото