Астанада бас шыршаның шамы жағылды

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 19 желтоқсан
Астанада бас шыршаның шамы жағылды

Бүгін Астанада Қазақстан елордасының бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндамен безендірілген.

Сол сияқты 2 метр болатын жарық шашатын қар ұшқыны көрініс тапқан.

ЭКСПО аумағында өткен шырша жағу рәсімінде Қазақстан елордасының тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңажылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар ұйымдастырылды.

Шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.

Қонақтарды «Жарты Ай адамы» түріндегі қуыршақтар, сол сияқты Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнесіндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, Астана 5 ауданында бүгін 30-ға жуық мерекелік шырша жағылды.

Сондай-ақ мұз айдындары, слайдтар, жаңа жылдық жәрмеңке бар қысқы мұз қалашықтар өз жұмысын бастайды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото