Жылдық қортынды: 2023 жылғы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының нәтижелері

(Онлайн Халық Газеті)2023 жыл 29 желтоқсан
Жылдық қортынды: 2023 жылғы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының нәтижелері

29 желтоқсан, онлайн «Халық Газеті» -- 2023 жылғы Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының нәтижелерін онлайн «Халық Газеті» мынадай 10 түрлі сала бойынша қорытындылады.

Бірінші, жоғары деңгейдегі байланыс

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев үстіміздегі жылдың мамыр-қазан айларында Қытайда екі рет сапарда болды. Сонда Қытай Төрағасымен бірге «Қытай - Орталық Азия» саммитіне және «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейдегі үшінші форумына қатысты.

Екінші, екі ел визалық талаптардан өзара босатты

Қытай Халық Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылдың 10 қарашасында күшіне енді.

Үшінші, өзара консулдық пен достық қалалары бекітілді

2023 жылдың 19 мамырында Қазақстанның Сианьдағы Бас консулдығы ашылды. Қытай Шэньси өлкесі мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі достық қатынастар туралы келісім жасасты. Ал Сиань мен Шымкент қалалары өзара достық қатынас туралы келісімге қол қойды.

Төртінші, трансшекаралық көлік ынтымақтастығы

2023 жылдың алғашқы 11 айында Қытай мен Қазақстан арасында барлығы 7622 Қытай-Еуропа пойызы қатынады (Алашанькоу: 4603, Қорғас: 3019).

2023 жылдың 18 мамырында Сиань Халықаралық портының қазақстандық логистикалық орталығы толығымен басталды.

Қытай мен Қазақстанның Азаматтық авиация ұйымдары арасындағы қолданыстағы келісімге сәйкес, екі елдің авиакомпаниялары аптасына 84 рейсті орындай алады.

Бесінші, Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы

2023 жылғы 17 мамырда Сианьда қол қойылған «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының бірлескен мәлімдемесінде» екі елдің мемлекет басшылары 2024 жылды Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы деп жариялады.

Алтыншы, білім беру және кәсіптік даярлық саласындағы ынтымақтастық

Осы жылдың қазан айында Алматыда Қытайдың солтүстік-батыс политехникалық университетінің қазақстандық филиалы ресми түрде ашылды. Ал желтоқсанда Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Қытайдың Лу Бань шеберханасы сәтті іске қосылды.

Бүгінгі таңда Қытай Қазақстанда 5 Конфуций институтын құрды. Сонымен қатар Қазақстан тарапы да бірқатар Қытай университеттерінде мәдени орталықтар ашты.

Жетінші, экономикалық және сауда ынтымақтастығы

Қытай Қазақстанның ең ірі инвестиция көздерінің бестігіне кіреді. Осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының көлемі 32,7 млрд АҚШ долларына жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 28,9%-ға ұлғайды. Биыл екі тарап қол қойған әртүрлі келісім-шарттар мен ниет келісімдерінің жалпы сомасы 38 миллиард АҚШ долларынан асты.

Қазіргі уақытта 200-ден астам қазақстандық компания Alibaba платформасына сәтті кірді. Мамыр айында Қазақстанның ұлттық павильоны ресми түрде jingdong сайтында ашылды.

Қарашада Қорғаста Қазақстанның Центркредит банкінің бөлімшесі ашылды. Желтоқсанда Алматыда Қытайдың өнеркәсіптік-коммерциялық банкінің қазақстандық юаньмен клирингтік банкі ашылды.

Сегізінші, мәдени-гуманитарлық алмасулар

Қытайдың Орталық Радиотелевизиялық станциясы мен Қазақстан «Атамекен» телеарнасы бірлесіп дайындаған «Жібек жолында» және «Қытай жаңалықтары» атты қазақ тіліндегі екі бағдарлама Қазақстанда ресми түрде іске қосылып, таратылды. Almaty TV-да «TV China Theatre» жобасының «Бауырсақ экраны» ашылды. 2023 жылы Қытай мен Қазақстанның жергілікті басшылары 15-тен артық өзара іс сапарда болды. Екі елдің БАҚ өкілдері мен оркестр өкілдері де бірнеше мәрте өзара сапарға шықты.

Тоғызыншы, инфрақұрылымдағы ынтымақтастық

Биыл Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданында Қазақстанға Қытайдан Ертіс өзені арқылы келетін кемелер үшін порт салынатыны белгілі болды. Желтоқсан айында Қытай мен Қазақстан арасындағы Бақты-Аякөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды.

Оныншы, «Қытай тіліне» қызығушылық артты

Биыл Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев бірнеше маңызды шарада қытай тілінде сөйледі. Мысалы, Қазақстан Президенті Қытай шахматшысы Дин Лижэньді әлем чемпионы атағын жеңіп алуымен қытай тілінде құттықтады. Мамыр айында Қ.Тоқаев Қытайдың Орталық Радиотелевизиялық станциясына берген сұхбатын қытай тілінде бастады. Қазан айында Қ.Тоқаев Бейжіңде өзінің ана мектебіне барып, қытай тілінде бұл тілді үйрену тәжірибесімен бөлісті. «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейдегі үшінші форумының ашылу салтанатында да ҚР Президенті қытай тілінде сөз сөйледі.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото