Мэнчэн, Аньхой: цифрлы ауылшаруашылық фабрикасындағы кішкентай қызанақтар

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 10 қаңтар
Мэнчэн, Аньхой: цифрлы ауылшаруашылық фабрикасындағы кішкентай қызанақтар

10 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылғы 9 қаңтарда Аньхой өлкесінің Бочжоу қаласындағы Мэнчэн ауданының «ақылды» жылыжайында жұмысшылар топырақсыз өсіру технологиясымен өсірілген өсімдіктерді жинап жатыр. Сұрыпталғаннан және оралғаннан кейін, бұл кішкентай қызанақтар тікелей Нанкинде, Хэфэйде және Янцзы өзенінің атырауындағы басқа базарларда сатылады.

Соңғы жылдары Аньхой  өлкесінің Мэнчэн цифрлы ауылшаруашылық фабрикалары мен ақылды жылыжайлар сияқты жоғары сапалы ауыл шаруашылығын қарқынды дамытты, бұл көкөніс шаруашылығының сапасы мен тиімділігін арттыруға, фермерлердің кірістерін молайтуға және ауыл шаруашылығын жандандыруға тиімді ықпал етті. Ол сондай-ақ елдегі көкөніс өндірісінің негізгі ауданына айналып, көкөністерді стандарттаудың ұлттық демонстрациялық өңірінің қатарына қосылды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото