Шыңжаңның алғашқы тұрақты халықаралық жүк тасымалдау рейсі ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 16 қаңтар
Шыңжаңның алғашқы тұрақты халықаралық жүк тасымалдау рейсі ашылды

16 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 13 қаңтар күні Shandong Airlines әуекомпаниясы орындайтын Үрімжі-Алматы тұрақты халықаралық жүк тасымалдау рейсі өзінің алғашқы рейсін сәтті орындады. Бұл - Шыңжаңдағы алғашқы тұрақты халықаралық жүк бағыты.

Үрімжі-Алматы тұрақты халықаралық жүк тасымалдау рейсі аптасына 3 рет жүреді, бір бағытта ең көп тиеу 20 тоннаға дейін болады. Осы бағыт бойынша тұрақты рейс іске қосылғаннан кейін жылдық жүк айналымы 3000 тоннаны құрайды деп күтіліп отыр. Сол күні бірінші рейспен 13 тонна машина жабдықтары, электронды аксессуарлар, киім-кешек және күнделікті қажетті заттар жөнелтілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото