Дуньхуандағы «үңгірдегі полиция бөлімі»

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 қаңтар
Дуньхуандағы «үңгірдегі полиция бөлімі»

19 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- «Үңгірдегі полиция бөлімінің» орналасқан жері «барса келмес» аталатын Лопнурдың оңтүстік-шығыс шетінде, Ядан ұлттық геопаркінде орналасқан. Бұл Қытайдағы «қазылып» жасалған жалғыз шөлді «үңгірдегі полиция бөлімі».

Ішке кірсеңіз, кеңсе, асхана, жуынатын бөлме және т. б. толық заманауи қажеттіліктермен жабдықталған 165 шаршы метрлік үңгір үйді көресіз.

Полиция Цинь Чжиганның айтуынша, туристердің тәуекелге толы турларға деген ынтасының артуына сәйкес Ядан ұлттық геопаркі мен Лопнур сияқты тылсым ландшафт көптеген әуесқойды тартты; туристерге адасып кету, көліктердің бұзулуы және т. б. салдарынан жиі қауіп төнеді және оларды дер кезінде құтқару қажет болады.

Оның айтуынша, Ядан рельефінің беткі температурасы жазда 70 градусқа, ал қыста минус 20 градусқа жетеді. Маңайдағы жүз шақырым айналасында тіршіліктің ізі жоқ. Егер сіз адасып қалсаңыз, өте қауіпті.

Цинь Чжиган «тірі карта» сияқты осы көркем жерлерді бес саусағындай біледі. «Бұл жерді жақсы білгенде ғана, біз қиындыққа тап болған адамды тез таба аламыз», - дейді ол.

Қыс мезгілінде туристер аз болса да, әдеттегідей күнделікті шарлау тоқтамайды. Цинь Чжиган және оның әріптестері қыстың суық күнінде 5-6 сағат бойы шарлау жүргізеді.

Бұл күндері Дунхуанның «үңгірдегі полиция бөлімі» туристер арасында аса танымал, туристердің айналып өтпейтін саяхат түйініне айналды, бұл танымалдылық сонымен қатар жас полицейлерді де жұмысқа көбірек тартты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото