Устрица қабығының саяхаты: Африканың шығыс жағалауынан Қытайға

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 қаңтар
Устрица қабығының саяхаты: Африканың шығыс жағалауынан Қытайға

22 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Чуаньчжоу порты ежелгі уақытта Шитун порты деп аталды. Ыңғайлы теңіз көлігі және өркендеген сыртқы сауда Чуаньчжоу портын Сун және Юань әулеттері кезінде «Шығыстағы ең үлкен порт» атандырды. Марко Поло оны «Нұрлы қала» деп жазды.

Теңіз саудасының дамуына байланысты жібек пен фарфор тиеген көптеген қытайлық сауда кемелері Чуаньчжоу портының солтүстік жағалауындағы Сюнъпудан аттанып,

Үнді мұхитын кесіп өтіп, Оңтүстік Азия, Арабия және Шығыс Африканың жағалауындағы елдерге барды.

Сюнъпу ауылында серуендеп жүргеніңізде, сіз теңіз балшықтарымен араласқан устрица қабығынан салынған үйлерді көре аласыз. Сюньпу ауылы ежелгі заманнан бері балық аулау арқылы күн көрсе де, устрица қабығынан салынған үйге қолданылатын устрица қабықтары Сюньпудың жергілікті устрицасынан гөрі үлкенірек. Бұл жергілікті теңіз өнімдері емес. Олар Африканың шығыс жағалауынан әкелінген.

Қытайлық сауда кемесі заттарын түсіріп, кері оралғанда, егер жүк тиелмесе, оның салмағы жеңілдеп, теңізде орнықты жүре алмайды. Мұндайда кемешілер жағажайдан устрица қабықтарын жинап, оларды салмақ қосу үшін кемеге тиейді. Кеме Сюньпу жағалауына келгеннен кейін, бұл устрица қабықтары ылғалға төзімділігінен жергілікті тұрғындар үшін үй қабырғасын тұрғызуға материал бола бастайды. Осылайша устрица оңтүстік-шығыс жағалауында ерекше архитектуралық пішінге айналды.

2022 жылы Чуаньчжоуда устрица қабығынан үй салу дағдысы Фуцзянь өлкесінің материалдық емес мәдени мұра жобасының жетінші жобалар сериясына енгізілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото