Линьцзэ, Ганьсу: ұсақ саңырауқұлақ өнеркәсібі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 қаңтар
Линьцзэ, Ганьсу: ұсақ саңырауқұлақ өнеркәсібі

22 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жуықтан бері Ганьсу провинциясының Чжанье қаласы Линьцзэ ауданындағы қазіргі заманғы «суық және құрғақ» ауылшаруашылық индустриалды паркіндегі саңырауқұлақ фабрикасында жұмысшылар тауарларды жинақтау, іріктеу, буып-түю және жөнелту жұмыстарымен қарбалас айналысып жатыр. Тапсырысты Сычуань, Хубэй, Шыңжаң және басқа да өңірлерден береді.

Ганьсу өлкесінің Чжанье қаласыдағы Линьцзэ ауданы жүгері сабақтарының бай ресурстарын толық пайдаланып, «компания + кооператив + өнеркәсіптік парк + фермер» моделі бойынша жеуге жарамды саңырауқұлақтар индустриясын қарқынды дамытуға арналған саңырауқұлақ индустриялық паркін салып шықты. Кішкентай саңырауқұлақтар жергілікті тұрғындар үшін үлкен салаға айналды, бұл олардың кірісін арттыруға кең мүмкіндік береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото