Шыңжаңның Ақсу аймағының Үштұрпан ауданында 7,1 балдық жер сілкінісі болды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 қаңтар
Шыңжаңның Ақсу аймағының Үштұрпан ауданында 7,1 балдық жер сілкінісі болды

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың жер сілкінісі желісінің ресми анықтамасына сәйкес, 23 қаңтар сағат 2:09-да Шыңжаңның Ақсу аймағындағы Үштұрпан ауданында (41,26 градус солтүстік және 78,63 градус шығыс) 7,1 баллдық жер сілкінісі болды, сілкініс көзінің тереңдігі 22 шақырым. Жер сілкінісінен кейін Үштұрпан және Ақши аудандарында электр қуаты зардап шекті, кейбір аудандарда электр үзілді. Екі елді мекеннің энергетикалық қызметтері төтенше жағдайлар жоспарларын іске қосты, ақауларды жою және электр энергиясын беруді қалпына келтіру үшін бар күшін салуда.

Жер сілкінісінің эпицентрі биік таулы аймаққа жататын Үштұрпан ауданының Ямансу Қырғыз ауылында болды. Эпицентрден 5 шақырым радиустағы орташа биіктік шамамен 3048 метр, мұнда халық аз қоныстанған. Ақсу аймағында, Қызылсу-Қырғыз автономиялық облысында, Қашқар аймағында қатты жер асты дүмпулері сезілді.

23 қаңтарда сағат 6:00-дегі жағдай бойынша эпицентрінен 26 шақырым жерде, Қызылсу-Қорғыз автономиялық облысының Ақши ауданындағы Құлансары кентінде үш адам жарақат алды. Олар емделу үшін уақытында ауруханаға жеткізілді. Үштұрпан ауданында зардап шеккендер туралы ақпарат болған жоқ.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото