Биылғы көктемгі фестиваль тасымалы кезінде 40 күнде 9 миллиард сапар болады деп межелeнуде

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 қаңтар
Биылғы көктемгі фестиваль тасымалы кезінде 40 күнде 9 миллиард сапар болады деп межелeнуде

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Көктемгі фестиваль тасымалы бірнеше күннен кейін ресми түрде ашылады. Биылғы көктемгі фестиваль тасымалының 40 күнінде шамамен 9 миллиард рет саяхат жасалады. Туыстарына барады, демалады және т. б. Бұл рекордтық көрсеткіш. 

Жақында «Tongcheng Travel» 2024 жылғы көктемгі фестивальге арналған туристік трендтердің болжамы туралы есепті жариялады. Есепке сәйкес, саяхат тұрғысынан көктемгі фестиваль кезінде «қарды көру үшін солтүстікке сапар» және «суықтан аулақ болу үшін оңтүстікке сапар» басталады. Олардың ішінде Харбин 2024 жылы көктемгі фестиваль кезінде ең танымал ішкі туристік орынға айналды. Ішкі туризм бойынша 2-10-ыншы орындарды алған бағыттар: Чунцин, Бейжің, Чэнду, Гуанчжоу, Куньмин, Гуян, Сиань, Шанхай және Шэньчжэнь.

Ең танымал қар-мұз турларынан басқа, ыстық бұлақ (су арасан) турлары 2024 жылғы көктемгі фестиваль кезінде танымал саяхат тақырыптарының бірі болып табылады. Гуандун, Фудзянь және Сычуаньдағы су арасандар ең танымал туристік бағыттар.

Шетелге саяхат жасауға келетін болсақ, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Азиядағы елдер ең танымал болып табылады. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері мен Австралия сияқты орташа және алыс туристік бағыттар да тізімнің алғашқы ондығына кірді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото