«Сицзан бөкені бақшасындағы» қысқы демалыс

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 қаңтар
«Сицзан бөкені бақшасындағы» қысқы демалыс

23 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Суық қыста Цинхай өлкесіндегі Санджянюань ұлттық саябағының Кекесили Әкімшілігінің Сонандаджи күзет станциясында құтқарылған үш сицзан бөкенінің баласы қазір күзетшілердің қамқорлығында. Жақында олар табиғатқа бейімделуге жаттығатын болады.

Сицзан бөкенінің балаларына жақсы қамқорлық жасау үшін табиғатты қорғау агенттіктері мен қамқор компаниялар арнайы қаржыландырып, Сонандаджи қорығында жабайы табиғатты құтқару орталығын құрды. Ақпаратқа сәйкес, 40 гектарға жуық жабайы табиғатты құтқару Орталығы сицзан бөкенінің 50-ден астам төліне қамқорлық жасап, «сицзан бөкенінің балабақшасы» деген атауға ие болды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото