Кекесилиде 2024 жылғы алғашқы тау патрульі басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 24 қаңтар
Кекесилиде 2024 жылғы алғашқы тау патрульі басталды

24 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қаңтарда Цинхай өлкесі мен Кекесили орман шаруашылығының қоғамдық қауіпсіздік қатысты орындары бірлесіп 2024 жылғы алғашқы Кекесили тауларын шарлау іс-шараларын бастады. Экологиялық ортаны және сирек кездесетін жабайы табиғатты қорғау мақсатында Кекесили орман шаруашылығының қоғамдық қауіпсіздік бюросы Кекесили тауларына жыл сайын барлау шараларын өткізіп аң аулауды және пайдалы қазбаларды орынсыз қазудың алдын алады және тежейді. Сонымен қатар, Кекесилиге заңсыз кіруді тексереді.

Кекесили Цинхай-Сицзан үстіртінде теңіз деңгейінен орташа биіктігі 4600 метр жоғары биіктікте орналасқан. Бұл дүниежүзілік табиғи мұра жері болып қалмастан, Сицзан бөкені мен жабайы қодас сияқты сирек кездесетін жабайы табиғат мекендейтін маңызды экологиялық аумақ.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото