Сямэнь порты автомобиль экспорты бойынша бір рейсте ең көп көлікті жолға салды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 24 қаңтар
Сямэнь порты автомобиль экспорты бойынша бір рейсте ең көп көлікті жолға салды

24 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қаңтар. «SAIC Anji Shencheng» ro-ro типті кеме Сямэньның Донгду портындағы заманауи терминалда тоқтап тұр.

Сол күні Фуцзянь өлкесінің Сямэнь қаласы Донгду портындағы заманауи терминалда 3700-ден астам көлік «SAIC Anji Shencheng» ro-ro кемесіне іркес-тіркес тиелді. Кеме 24 қаңтарда Сямэнь портынан теңізге шығып, Еуропаға сапар шегеді. Бұл - Сямэньнан бір рейстегі ең ірі автомобиль экспорты. Соңғы жылдары Сямэнь порты жақсы іскерлік ортаның арқасында жаңа энергетикалық өнімдерді экспорттау үшін маңызды көлік торабына айналды. 2023 жылы Сямэнь порты 85 000 жаңа энергетикалық көлік құралын экспорттады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото