Тунлин, Аньхой: G3 Тунлин теміржол-тасжол көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қаңтар
Тунлин, Аньхой: G3 Тунлин теміржол-тасжол көпірінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

25 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 2024 жылғы 24 қаңтарда Аньхой өлкесінің Тунлин қаласындағы Янцзы өзені арқылы өтетін G3 Тунлин теміржол-тасжол көпірінің құрылыс алаңында жолшылар мен көпір салушылар қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр.

Янцзы өзені арқылы өтетін G3 Тунлин теміржол-тасжол көпірінің жалпы ұзындығы 11,88 шақырым, негізгі аралығы 988 метр. Бұл екі қабатты кабельдік және аспалы кабельдік бірлескен жүйесі бар әлемдегі алғашқы теміржол-тасжол көпірі. Жоба аяқталғаннан кейін ол «жедел тасжол, қалааралық теміржол, жүк теміржолы» сияқты өзенді кесіп өтудің үш функциясын орындап, үш өлшемді көлік желісін құрады. Тунлин қаласының және Янцзы өзенінің екі жағалауының одан әрі қарқынды экономикалық дамуына ықпал етеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото