Шыңжаңның Үштұрпанындағы жер сілкінісінен зардап шеккен адамдардың тұрмысына кепілдік беріледі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 25 қаңтар
Шыңжаңның Үштұрпанындағы жер сілкінісінен зардап шеккен адамдардың тұрмысына кепілдік беріледі

25 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қаңтар сағат 2:9-да Шыңжаңның Ақсу аймағы Үштұрпан ауданында 7,1 баллдық жер сілкінісі болды. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық регионы төтенше жағдайлар департаменті 23 қаңтар күні жер сілкінісі салдарынан 3 адам қаза тауып, 5 адам жарақат алып, 12 426 адам қауіпсіз жерге көшірілді деген хабарлама жариялады.

Қазіргі уақытта апаттың нақты жағдайы әлі де анықталып, әртүрлі құтқару жұмыстары ретімен жүргізіліп жатыр. Үштұрпан ауданында зардап шеккен адамдардың тұрмыстағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін апат кезінде жедел жәрдем шатырлары тігіліп, орналастырылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото