Хайнань Учжишаньдағы Яху атызында көктемгі егін жұмысы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қаңтар
Хайнань Учжишаньдағы Яху атызында көктемгі егін жұмысы басталды

26 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 23 қаңтарда Учжишань қаласының Маоян қалашығындағы Яху сатылы атызында көктемгі егін жұмысы басталды. Фермерлер егістікке күріш балаусаларын отырғыза бастады.

Яху сатылы атызында ерте пісетін күріш отырғызу маусымы басталды. Күріш балаусаларының бірінші партиясын сәтті отырғызу - жақсы өнім алуға деген үміт отын жақты. Бұл жасыл өлке табиғаттың ғажайыбы ғана емес, сонымен қатар фермерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Олар адал маңдай тері мен қажырлы еңбектері арқылы осы көз қуантатын сатылы атызды жасап шықты.

Өміршеңдікке толы атызға жаңадан отырғызылған күріш өскіндері себілген үміт тұқымы сынды. Яху сатылы атызы жыл бойы көрікті қалпында тұрады. Мұнда көптеген туристер саяхаттап келеді. Ауыл шаруашылығы мен туризмді біріктірудің бұл үлгісі жергілікті фермерлерге қосымша табыс әкеліп қана қоймайды. Сонымен қатар көпшілікке дәстүрлі егіншілік мәдениетін түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото