2024 жылғы көктемгі фестиваль тасымалы ресми басталды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қаңтар
2024 жылғы көктемгі фестиваль тасымалы ресми басталды

26 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 26 қаңтарда сағат 00:15-те 2024 жылғы көктемгі фестиваль тасымалындағы алғашқы көлік — K4562 пойызы (Гуанчжоу-Цусянь) Гуанчжоу теміржол вокзалынан жолға шықты. Ол 27 қаңтарда Цусян станциясына жетеді. Осылайша 2024 жылғы 40 күнге созылатын көктем фестивалі тасымалы басталды.

Әр жылғы көктем фестивалі (Қытай жаңа жылы) Қытай халқы үшін ең үлкен мереке, жылдың басы саналады. Мереке кезінде Қытайда бір апталық демалыс жарияланады (кейбір жұмыстар, фабрикалар бір айға дейін демалады), жұртшылық осы орайда туыстар бас қосуы, ішкі туристік сапар, шетелге саяхат сынды шаралармен мерекені тойлайды. Осы кезеңде бір жылдағы ең үлкен жолаушылар ағыны болады, ағынның уақыты 40 күнге созылады, міне бұл көктем фестивалінің тасымалы деп аталады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото