Зейтүн гүлі гүлдеген Зейтүн қаласы

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 қаңтар
Зейтүн гүлі гүлдеген Зейтүн қаласы

26 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- «Зейтүн - әлемдегі ең үлкен порттардың бірі. Мұнда көптеген саудагерлер жиналып, тауарлар тау-тау болып, сауданың соншалықты гүлденгенін айтып жеткізу қиын»,- деп жазадаы Марк Поло.

Цюаньчжоудың «Зейтүн қаласы» деген аты зейтүн өсімдігіне байланысты қойылған. Бұл ағаш Үндістан мен Малайзияда өседі, оны бұтақтар арасындағы конустық тікенектердің атымен зейтүн деп аталған.

Вэй, Цзинь, Оңтүстік және Солтүстік әулеттер кезінде Цюаньчжоу сыртқы саудасын бастап кеткен де, зейтүндар теңіз тасымалы арқылы Цюаньчжоуға келген. Бес әулет кезінде Цюаньчжоу елшісі Лю Цунсяо қаланы кеңейткен кезде қаланы айналдырып зейтүн ағашын отырғызған. Содан Цюаньчжоудың «Зейтүн қаласы» деген атауы келіп шыққан. Сун және Юань әулеттері кезінде Цюаньчжоуда су жолдарының тамаша жүйесі болған. Терминал әр түрлі жүк кемелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру және теңіз саудасының үлкен көлемін сақтау үшін сыртқы және ішкі портқа бөлінген.

2021 жылдың шілдесінде «Цюаньчжоу: Қытайдың Сун Юань кезіндегі дүниежүзілік теңіз сауда орталығы» жобасы «дүниежүзілік мұра тізіміне» сәтті енгізілді.

Бүгінгі XXI ғасырда теңіз Жібек жолының жолға қойылуымен Цюаньчжоу сыртқы сауданың жаңа тарауын ашты. 2023 жылдың желтоқсан айының басындағы жағдай бойынша Цюаньчжоу «Бір белдеу, бір жол» сыртқы сауда маршруттарынан 18-ін ашып, Филиппинге, Вьетнамға, Малайзияға, Сингапурға, Индонезияға, Жапонияға, Ресейге, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты мемлекеттер мен аймақтарға тікелей қатынайтын болды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото