Юньнаньның Хунхэ облысындағы көркем сатылы атыз

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 қаңтар
Юньнаньның Хунхэ облысындағы көркем сатылы атыз

30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Юньнань өлкесінің Хунхэ Хани және И автономиялы облысында орналасқан көркем сатылы атызының суға толып, бұлт пен тұманға оранған тамаша көрінісі көздің жауын алады. Бұл көрініс туристердің де қызығушылығын тудырады.

Соңғы жылдары Хунхэ облысы сатылы атызды қорғауға, басқаруға және пайдалануға барынша назар аударды. Бір жағынан, ол «орман—ауыл—сатылы атыз—су жүйесі» сынды егіншілік жүйесін үнемі қорғап, «күріш атызында балық пен үйректерді» жан-жақты өсіруге ықпал етті, екінші жағынан, жақсы экологиялық ресурстарға сүйене отырып, туристерді тарту үшін саяхатшылар егіншілікпен уақытша айналысатын ерекше туристік жобалар жасады. Сөйтіп байырғы сатылы атызға тың тіршілік сыйлады. 2023 жылы Хунхэ сатылы атызының мәдени мұра аймағындағы жан басына шаққандағы фермерлердің қолда бар табысы 14 736 юаньға дейін артты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото