Гуланъюй аралындағы тарихтың куәсі болған ескі ғимараттар

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қаңтар
Гуланъюй аралындағы тарихтың куәсі болған ескі ғимараттар

31 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Фуцзянь өлкесі Сямэнь қаласында орналасқан Гуланъюй аралы (ағылшын тілінде Kulangsu) төрт мезгілі көктемдей жайма шуақ болып тұратын «теңіздегі саябақ» қана емес, сонымен қатар өзінің көптеген тарихи ғимараттарына байланысты «сәулет мұражайы» деген тамаша атымен ел іші сыртынан келетін туристерді баурайды.

Сямэньдегі Гуланъюй аралының тарихы оның ерекше мәдени ландшафтын жасады. 1844 жылдан бастап 13 ел Гуланъюй аралында консулдықтар ашты, ал Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Франция және басқа елдер де осында шіркеулер салды, мектептер, ауруханалар, шетелдік банктер ашты. Осылайша, Гуланъюй аралында батыстық стильдегі қоғамдық ғимараттар мен халық қолданысындағы ғимараттар сақталып қалды. Аралда 19 ғасырдың аяғынан 20 ғасырдың бірінші жартысына дейін салынған барлық түрдегі 1000-нан астам ғимарат бар. Бұл шығыс және Батыс сәулет мәдениетінің өкілдері тоғысқан орта.

2017 жылы «Гуланъюй аралы: халықаралық тарихи қауымдастығы» Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото