Дунчжай бұқаралары мерекені күтіп алу дайындағына қызу кірісті

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 31 қаңтар
Дунчжай бұқаралары мерекені күтіп алу дайындағына қызу кірісті

31 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- 28 қаңтарда Саньцзян Дун ұлты автономиялық ауданының Чэньян-Бачжай Көркем аумағында туристер Дун банкетін тамашалады.

Қытай Жаңа жылы жақындаған сайын Гуансидегі Лючжоу қаласына қарасты Дунчжайдың (Дундар тұратын мекен) және туристік аумақтың қалың бұқарасы мен қызметкерлері түрлі бағдарламаларды белсенді түрде ұйымдастырып жатыр. Көктемгі фестиваль кезінде олар әлемнің түкпір-түкпірінен келушілерге Дун әндері, Дойе биі және пипа жыры сияқты материалдық емес мәдени мұраларды көрсетеді.

Соңғы жылдары Санцзян Дун ұлты автономиялық ауданы мәдени және туристік интеграция индустриясын қарқынды дамытып, туризм индустриясының трансформациясы мен жаңаруына ықпал етіп, ауылдық жерлерді жандандыруға көмектесті. 2023 жылы бүкіл аудан 9,01 миллион турист қабылдап, туризмді тұтынудан 9,6 миллиард юань табыс тапты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото