Лас судан қаланың жасыл өкпесіне дейін: Юньдан көлінің керемет өзгерісі

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 ақпан
Лас судан қаланың жасыл өкпесіне дейін: Юньдан көлінің керемет өзгерісі

1 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 1980 жылдардың аяғында Фуцзянь өлкесінің Сямэнь қаласындағы Юньдан көлінің аумағы арамшөптер мен қоқыстарға толып, экологиялық ортасы қатты бүлінген еді. 1988 жылы Сямэнь үкіметі Юньдан көлінің экологиялық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар шаралар ұсынды.

Ұзақ жылдар бойғы экологиялық басқарудың арқасында Юньдан көлінің аумағы қазір 2,6 шаршы шақырымға жетті. Әрі оның биоәртүрлілігі үнемі толығып келеді. Сол себептен де аққұтан сияқты құстардың жайлы мекеніне айналды. Көл жағасындағы жаяулар жолы, қызыл ағаш орманы, аққұтан қорығы, Юньдан кітап үйі Сямэньдегі тынысты, көркем орындарға айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото