Қытай жасаған C919 және ARJ21 жолаушылар ұшағы Сингапур әуе көрмесіне қойылды

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 21 ақпан
Қытай жасаған C919 және ARJ21 жолаушылар ұшағы Сингапур әуе көрмесіне қойылды

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Commercial Aircraft Corporation of China Ltd-тің 20 ақпан күнгі ақпаратына сәйкес, Қытайдың екі ірі C919 жолаушылар ұшағы мен үш аймақтық ARJ21 жолаушылар ұшағы сол күні ашылған Сингапур әуе көрмесінде көрсетілді. Мұндағы ұшақ түрлері модельдік көрмелер, сыртқы көрсетілімдер және ұшу қойылымдары сияқты әртүрлі әдістер арқылы көрсетіліп, көпшілікке Қытайдың коммерциялық ұшақтарын жасаудың кезеңдік нәтижелерін ұсынды. Әуе шоуы кезінде C919 және ARJ21 аспанға ұшырылды. Сонымен қатар COMAC клиенттерімен және серіктестермен келіссөздер мен алмасуларды күшейту үшін арнайы жарнамалық іс-шаралар өткізілді.

Авиашоудың ашылу күні Қытайдың отандық ірі C919 жолаушылар ұшағы мен аймақтық ARJ21 жолаушылар ұшағы 56 жаңа ұшаққа тапсырыс алды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото