Цинхай-Сицзан тасжолының бойында тибет бөкендері сияқты жабайы жануарлар жайылып жүр

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 ақпан
Цинхай-Сицзан тасжолының бойында тибет бөкендері сияқты жабайы жануарлар жайылып жүр

22 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Цинхай-Сицзан тасжолының шығысы Цинхай өлкесінің Синин қаласынан басталып, батысы Сицзан автономиялық регионының Лхаса қаласынан аяқталады. Жол бойындағы көрініс көздің жауын алады. Онда жайлауды, тұзды көлді, қағыр жаланы, қарлы тауларды, шөлдерді көруге болады. 20 ақпан күні тілші Цинхайдың Голмуд қаласынан жолға шығып, Сицзанға кіріп, Куньлунь тауы, Кэкэсили, Саньцзянюань, Яньшэпин, Тангула таулары және басқа жерлерді басып өтті. Жол бойы Цинхай-Сицзан тасжолының жағасынан жайылып жүрген тибет бөкендерін, тибет қара құйрықтары және тибет жабайы есектерін кездестірді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото