Хэнаньның Аньян қаласындағы Инь қирандылары мұражайының жаңа көрмесіндегі жануар элементтері

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 26 ақпан
Хэнаньның Аньян қаласындағы Инь қирандылары мұражайының жаңа көрмесіндегі жануар элементтері

26 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 26 ақпанда Инь қирандылары мұражайының жаңа көрмесі ресми түрде ашылды. Көрмеге қойылған 4000-ға жуық мәдени жәдігер жиынтығының көпшілігінде әртүрлі бейнедегі жануар элементтері бар.

Инь қирандылары мұражайының жаңа көрмесі - Шан өркениетін панорамалық түрде көрсететін алғашқы ірі ұлттық тақырыптық көрме.

Инь қирандылары - Қытай тарихындағы Шан Әулетінің астанасының археологиялық қазбалар және сауыт сүйектері құжаттарымен расталған алғашқы қирандылары. Инь қирандылары мұражайының жаңа көрме залы шамамен 22 000 шаршы метр аумақты алып жатыр, қола, керамика, нефрит және сауыт сүйектері сияқты 4000-ға жуық мәдени жәдігер жиынтығын көрсетеді. Көрмеге қойылған мәдени жәдігерлердің саны мен түрлері - Шан Әулетінің мәдени жәдігерлер көрмелерінің ішіндегі ең ірісі. Олардың ішінде құнды мәдени жәдігерлердің төрттен үшінен астамы алғаш рет көрсетілген, сондай-ақ алғаш рет бірқатар жаңа археологиялық жетістіктер де көрсетілді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото